Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстандағы "Аваза" конгресс-орталығына келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысын Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ресми түрде қарсы алды.
Конференцияның ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.
Бұдан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум өтетін "Аваза" спорт кешеніне барды. Мұнда оны Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.