Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында айтты деп, хабарлайды Dauletten.kz.
«Депутат болу – биік мансап емес, бұл – зор жауапкершілік және маңызды міндет. Сіздерді халық сайлады. Жұрт өздеріңізге сенім артып отыр. Ел сенімі – ел аманаты. Қадірлі қауым! Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл – өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты. Еліміздің мақсаты айқын. Бұл - әділетті Қазақстанды құру», - деді Президент.
Мемлекет басшысы әлеуметтік топтың ортасынан шыққан депутаттарға да тоқталып өтті.
«Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты», - деді Мемлекет басшысы.
Президент ел мүддесі үшін жұмыла қызмет етуге шақырды.
«Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен отаншыл болуымыз қажет. Ұлттың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әрине, қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бірақ, елдік мәселелерге келгенде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген жөн. Елімізді өркендету үшін еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз», - деді Тоқаев.
Фото: smi24.kz