455.63
507.89
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев:
Жаңалықтар

Тоқаев: "Егемендікті қорғау үшін қоғамда бірлік пен тәртіп болуы керек"

28.10.2026
мин
0
50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы ойларымен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік пен егемендікті қорғауға қатысты бірқатар мәселе әлі де өзекті. Бұл бағыттағы міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қоғамда татулық пен келісім болуы қажет.

- Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде талап пен тәртіпке басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Президент әлемдегі геосаяси ахуалға да тоқталды. Оның сөзінше, мемлекеттер арасындағы өзара айыптаулар мен текетірестер күшейіп, ірі державалар арасында сенім дағдарысы қалыптасқан. Бұған қоса, бақылаусыз көші-қон ағындары бірқатар еуропалық елдің қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдардың беделі төмендеп, халықаралық құқықтың құндылығы әлсірегенін де айтты.

- Қысқасы, қазіргі әлем бұлыңғыр дәуірге аяқ басты, оның келешегі қандай болатыны туралы саясаткерлер мен сарапшылар арасында біртұтас пікір жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, қазіргі әлемдегі жағдай күрделі әрі болжап білуге келмейді. Ол бүгінгі аласапыран кезеңнің күрделілігіне назар аударып, мұндай ахуалдың «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде де болмағанын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл