Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тоқаев елімізде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент парламенттік реформа жайлы айтты.
Президенттің сөзінше, бұл өте маңызды мәселе, оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар мен қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы тиіс. Оның ойынша, талқылауға бір жыл уақыт керек.
- 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын, – деді Тоқаев.