Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
29 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен бұл елге ресми сапар жасайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Анкарада қос мемлекет басшылары келіссөздер өткізіп, қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысына қатысады.