| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тоқаев Inditex-ке Қазақстанда өндіріс ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Inditex Group компаниясының өкілі Сантьяго Мартинес-Лахе Собредомен кездесу өткізді. Кездесу барысында Президент компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту мүмкіндіктеріне тоқталды.
Тоқаевтың айтуынша, Inditex тек өз брендтерінің өнімдерін сатумен шектелмей, болашақта елімізде өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін де қарастырғаны жөн. Атап айтқанда, Қазақстан аумағында тоқыма және тігін кәсіпорындарын іске қосу перспективалары талқыланды.
Қазіргі уақытта Inditex Алматы және Қарағанды әуежайларының инфрақұрылымын пайдалана отырып, ірі логистикалық орталық құру жобасын жүзеге асырып жатыр.