| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб келіссөз жүргізді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кездесуде инвестиция, сауда және гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының сапары екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.
- Қазақстан мен Финляндия арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған, – деді Президент.
Өз кезегінде Александр Стубб Қазақстанға үшінші рет келгенін айтып, екі ел арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды кеңейтуге қызығушылық білдірді.
- Финляндиядан келген делегация құрамында 20-дан астам ірі компания өкілдері бар. Бұл – өзара серіктестікті дамытуға жақсы мүмкіндік, – деді ол.
Кездесу нәтижесінде қос мемлекет арасындағы әріптестік жаңа серпін алатын болды.