Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күніне орай елдегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
– Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын, – деді Мемлекет басшысы.
Президент мемлекетке қызмет етудің аса жауапты әрі құрметті міндет екенін атап өтті.
– Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер, – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қазіргі алмағайып кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету — айрықша маңызды міндет.
– Сол себепті, бүгін біз алғаш рет осындай құраммен жиналып отырмыз. Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет, – деді ол.
Президент заң мен тәртіптің сақталуына қоғам өкілдерінің де үлесі зор екенін айтып, жиынға орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, депутаттар, сарапшылар мен белсенді азаматтардың қатысып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ Тоқаев күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның рөлін атап өтті. Осыған байланысты жиынға академиялардың курсанттары арнайы шақырылған.
Бұдан бөлек, Президент трансұлттық қылмыстық топтармен күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатқан шетелдік полиция атташелеріне ризашылығын білдірді.