| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің қызметін жетілдіруге бағытталған жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық кеңесінің қызметін жетілдіруге және оның жұмыс тәртібін нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізіледі.
Қазақстан Халық кеңесі – қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға қатысатын, азаматтық қоғам мен түрлі әлеуметтік топтардың ұсыныс-пікірін тоғыстыратын консультативтік-кеңесші орган. Кеңес мемлекеттік шешімдерді талқылауға қоғам өкілдерін кеңінен тартуды көздейді.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтетінін, ал Қазақстан Халық кеңесінің құрамы осы саяси науқаннан кейін жасақталатынын мәлімдеген болатын.