USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2021
1 мин
1
259
Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы халқымыз қиын-қыстау күндерді осы құндылықтардың арқасында өткергенін атап өтті.

"Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз. Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда", - деді Тоқаев.

Ол еліміздің даму жолында барша азаматтарды сіңірген жасампаз еңбектері үшін алғыс білдірді.

1 Пікір
Айжан
Неге техперсоналдардың айлығы аз соны қолға алып бірнәрсе істеңізші өтініш Рахмет
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл