Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

16.01.2026
мин
0
222
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдап, компанияның өткен жылғы жұмысы мен алдағы жоспары туралы есеп тыңдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Кездесу барысында компанияның 2024 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері таныстырылды. Талғат Алдыбергеновтің мәліметі бойынша:

Тарифтік жүк айналымы 10 пайызға өсіп, 289 миллиард тонна-шақырымға жеткен.

Жүк тасымалы 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға жетті, оның ішінде экспорттық тасымал 89 миллион тоннаны құрады.

Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсуімен 33 миллион тоннаны құрады.

Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат берілді.

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жалғасуда, жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымға жетеді.

Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу арқылы компания қызметінде қауіпсіздік, тиімділік пен ашықтық қамтамасыз етілуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

Әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударып, теміржол қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын қолдады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ны трансформациялау, ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, мультимодальдық логистиканы дамыту және инфрақұрылымды кеңейту жөнінде нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы бұл шаралар теміржол саласының тиімділігін арттырып, елдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтетінін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл