Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Президентке ведомствоның негізгі қорытындылары, отын-энергетика кешенін дамыту жоспарлары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымының барысы және ірі жылу-электрмен қамту нысандарының жұмысы туралы есепті тыңдады.
– Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше назарда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын іске асыруды тапсырды. Сондай-ақ, Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңыздылығын атап өтті, – делінген Ақорда хабарламасында.
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтті. Дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдады.
Үкімет АЭС салу бойынша төрт елдің – Корея, Ресей, Қытай және Франция технологияларын зерттеп жатқанын хабарлады.
Референдум кезінде дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев “АЭС-ті қай ел салады” деген сұраққа нақты шешім қабылдау үшін үкіметке жан-жақты талдау жасап, келіссөздер жүргізуді тапсырды.
Үкімет АЭС салу орны ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын таңдаған.