Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тибет автономиялық ауданына қарасты Шигадзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, – делінген хабарламада.
Президент Қазақстан халқының және өзінің атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасына, қаза тапқандардың отбасыларына және бауырлас қытай халқына шын жүректен көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, Тибет автономиялық ауданындағы жер сілкінісінен 53 адам қаза тапты.
Жаңартылған деректерге сәйкес, 62 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. 6,8 балдық жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шигадзе қаласына қарасты Дингри (Тингри) ауданында болды.
Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жергілікті жедел штабтың хабарлауынша, жер асты дүмпулері салдарынан 1 000-нан астам ғимаратқа зақым келген.
Қытайдың сейсмология басқармасы төтенше жағдайға әрекет етудің 2-деңгейлі режимін енгізіп, табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсету үшін жұмыс тобын жер сілкінісі аймағына жіберді.