| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде зор жетістікке жеткен сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттап, оның еңбегі мен ел абыройын көтерген жетістігін құттықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда табысқа жеткен қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті. Мемлекет басшысы спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алғанын атап өтті.
Президент Ерсін Балтағұлдың табандылығы мен қажырлы еңбегі еліміздің беделін биіктеткенін және шет мемлекеттерде елімізді танытып жүрген жастардың үлгісі екенін айтты.
– Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі құрметтейтінін байқадым. Қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүргеніңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Тоқаев.
Ерсін Балтағұл өз кезегінде Президентке ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді ұйымдастыру жоспарын атады. Ол Қазақстанның атын әлемге таныту үшін талмай еңбек ететінін атап өтті.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ерсін Балтағұлды халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жету және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қосу тілегімен ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.