Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев туризм саласын дамытуды шұғыл қолға алуды тапсырды
Жаңалықтар

Тоқаев туризм саласын дамытуды шұғыл қолға алуды тапсырды

28.01.2025
1 мин
0
220
Сурет: egemen.kz

Мемлекет басшысы туризм саласының дамуын экономиканың өсуіне жаңа серпін беретін маңызды бағыт ретінде атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді экономиканың дамуында басты рөл атқарушы сала ретінде қарастыру қажеттігін айтты. Президенттің айтуынша, қазіргі таңда бұл салада артта қалу байқалады, жұмыс әлі де мардымсыз жүріп жатыр.

– Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет, - деді Презмдент.

Туризм саласының инвестициялық әлеуетін арттыруға қарсы шығатын адамдардың болатынын ескертіп, ол Маңғыстаудағы әйгілі Бозжыра мәселесін мысалға келтірді.

– Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты, - деп атап өтті Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл