Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде азаматтар білім саласында жемқорлықтың басым екендігін айтып, шағым түсіреді. Олардың қатарында жоғары оқу орны, колледж, тіпті мектептер де бар. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.
«Елімізде кәсіпкерлер жер комитеті, салық және кеден органдарында жемқорлық жайлаған деп есептейді. Жолдың сапасына қатысты да халықтың алаңдаушылығы бар.Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы маған су шаруашылығы саласында айтарлықтай мәселелер бар екендігін айтады. Дәл осы бағытта қоғамдық бақылау тетігі жұмыс жасауға тиіс», – деді ол.
Оның айтуынша, биыл жемқорлық фактісі бойынша жауапқа тартылған азаматтар 11%-ға көп. Сондай-ақ мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырылған ұсыныстарды 1 айда пысықтауды тапсырды.