Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр. Қазіргі таңда 13 млн гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Алайда әкімдіктер соның тек 6 млн гектарын ғана жаңа игерушілерге бөліп берген.
- Жер иесіз қалмауы тиіс. Ол тек оның қадірін білетін азаматтарға берілуі керек, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әкімдерге бұл мәселені келесі жылдың ортасына дейін толық шешуді тапсырды.