473.4
539.39
6.07
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Той кортежі: Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды
Жаңалықтар

Той кортежі: Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды

27.07.2026
мин
0
108

Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жәйрем кентіндегі мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойына байланысты ұйымдастырылған автокөліктер колоннасының жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғанын анықтады.

Жүргізілген тексеру барысында автоколоннаны ұйымдастырған азамат анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған 8 автокөлік жүргізушісі анықталып, барлығы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлығы 22 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда:

  • ұсақ бұзақылық жасау;

  • жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпау;

  • қарсы қозғалыс жолағына шығу;

  • көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу;

  • көлік құралын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтамау;

  • жол қозғалысының өзге қатысушыларына авариялық жағдай туғызу;

  • жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қағидаларын бұзу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Үйлену тойы, мерекелік кортеж немесе өзге де салтанатты іс-шаралар жол қозғалысы қағидаларын бұзуға және өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге негіз бола алмайды.

Полиция жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Заң талаптарын елемейтін әрбір құқық бұзушы белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл