Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Трамп: Израиль мен Иран атысты тоқтатуға келісті
Жаңалықтар

Трамп: Израиль мен Иран атысты тоқтатуға келісті

24.06.2025
1 мин
0
864
Сурет: oxu.az

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты жақын сағаттарда “толық атысты тоқтату” режимі енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Израиль мен Иран жан-жақты және толық атысты тоқтату туралы келісімге келді. Алдағы алты сағат ішінде екі тарап өздерінің барлық ағымдағы және соңғы әскери операцияларын тоқтатады. Ал 12 сағаттан соң қақтығыс ресми түрде аяқталды деп есептеледі. Иран атысты бірінші болып тоқтатады, содан кейін 12 сағат ішінде Израиль де атысты тоқтатады. 24 сағат өткен соң бүкіл әлем соңғы 12 күнге созылған соғыстың аяқталғанын атап өтетін болады, – деді Трамп.

Оның айтуынша, бұл соғыс ұзаққа созылып, бүкіл Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді.

- Бірақ ол болмады және болмайды да. Құдай Израильге, Иранға, Таяу Шығысқа, Америка Құрама Штаттарына және бүкіл әлемге жар болсын! – деп қорытындылады ол.

Бұл мәлімдемеден кейін Иран да, Израиль де Трамптың сөзін ресми түрде растамады да, теріске де шығарған жоқ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Катар премьер-министрі Мұхаммед бин Абдулрахман Аль Тани АҚШ-тың атысты тоқтату туралы ұсынысына Иранды келісуге көндірген. Басылым дереккөздеріне сүйенсек, бұл келіссөздер Иран Қатардағы "Әл-Удейд" америкалық әскери базасына шабуыл жасағаннан кейін, телефон арқылы жүргізілген.

Трамп Катар әміріне Израильдің атысты тоқтатуға келіскенін хабарлап, Иранды да келісімге келтіру үшін арағайын болуға өтініш жасаған. Axios дерегінше, атысты тоқтату келісіміне Катардың делдалдығы елеулі рөл атқарған.

Иран шабуылдан кейін Ақ үйге одан әрі соққы жасамайтынын хабарлаған. Өз кезегінде Вашингтон да Иранға шабуыл жасамайтынын және келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізген.

- Осыдан кейін атысты тоқтату шарттары мен басталу уақытын нақтылау үшін АҚШ пен Израиль, сондай-ақ Катар мен Иран арасында келіссөздер жалғасты, – деп жазады басылым.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл