Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» орталық атынан хабарласып, түрлі қызметтерді ұсынатын алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазіргі кезде өздерін орталық қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға баспана кезегінің ілгерілеуіне немесе белгілі бір төлем үшін тұрғын үйді кезексіз алу мәселесін тездетуге көмектесетінін айтып, қоңырау шалатын алаяқтар көбейді. Бұл жағдайда азаматтардан мұқият болуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
«Тұрғын үй қоры» қызметкерлері баспана кезегін жылжыту, тұрғын үйді кезексіз алу мәселесін тездету мен азаматтардың жеке деректерін алмайтынын ескертті.
Орталық тарапынан мұқтаж жандар мен арнайы белгіленген санаттағы азаматтарға баспана тұрғын үй кезегінде тұру тәртібі шеңберінде беріледі. Сондай-ақ бастапқы жарна немесе құжаттарды рәсімдеу үшін төлем талап етілмейді.
Осы ретте, мамандар «Тұрғын үй қоры» тарапынан түрлі ұсыныс білдіріп, ақылы қызмет ұсынған жағдайда 102 нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.