Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда тұрғындары "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын жамылған қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды ТДК-42.
Қала тұрғындарының айтуынша, Otbasy men jastardy qoldau qory атты ұйым азаматтарға арзан пайызбен қарыз береміз деп сендірген. Десе де келісім орындалмаған. Аталмыш қор өз қызметін мемлекет қолдау көрсететін әлеуметтік бағдарлама деп атаған. Сондай-ақ 3,7%-пен ипотека беруге уәде еткен. Клиенттерден алғашқы жарна ретінде баспананың немесе көліктің 50% бағасын сұраған.
Нәтижесінде, 600-ге жуық адам ақша аударып, жиыны бір млрд теңге салған. Салымшылар арасында екі млн, одан бөлек, 120 млн салған азаматтар да бар.
Жәбірленушілер полиция ешқандай әрекет етпей отырғанын айтады және қордың құрылтайшысы елден қашып кетпей ұрғанда істі Бас прокуратура қолға алуын сұрап отыр.