| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет табиғи апаттан сақтандыру туралы заң жобаларын кейінге қалдырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Үкіметі тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізуге қатысты заң жобаларын биылғы жоспардан алып тастады.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, табиғи апаттар кезінде тұрғын үйлерді сақтандыру жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары 2024 жылға арналған заң шығару жоспарынан шығарылды.
Құжатта екі негізгі бастама қарастырылған еді. Біріншісі – табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу. Екіншісі – осы саладағы сақтандыру нарығын реттеу және дамытуға байланысты заңнамаға өзгерістер енгізу.
Жоспар бойынша бұл заң жобалары тамыз айында Парламентке ұсынылуы тиіс болатын. Алайда қабылданған жаңа шешімге сәйкес, олар кейінге қалдырылды.