Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысы “кедей” өңір ме: әкімнің жауабы
Жаңалықтар

Түркістан облысы “кедей” өңір ме: әкімнің жауабы

28.11.2024
1 мин
0
1001

Бүгін, 28 қарашада Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің елдегі “кедей” аймақтардың қатарында екені туралы сұраққа жауап берді. Әкім бұл пікірмен келіспейтінін және Түркістан облысын “кедей” деп санамайтынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Кедей өңір деп айтуға болмайды, басты байлығымыз – халқымыз. Бірақ елімізде барлығы 20 облыс бар екенін ескеру қажет. Соның ішінде тек үш облыс қана донор болып саналады: Астана, Алматы және Атырау облыстары. Қалған өңірлер дотацияда. Егер қай облыс республикаға көбірек салық төлейді дегенге келсек, онда Астана, Алматы, Атырау облыстары мен тағы бір өңірдің қатарында Түркістан облысы бесінші орында тұр, – деді әкім.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыс жыл басынан бері жергілікті және республикалық бюджетке 650 миллиард теңге көлемінде салық төлеген.

- Табыс бойынша біз 20 облыстың ішінде бесінші орындамыз. Алайда бұл табысты жан басына шаққанда, халық санының көптігіне байланысты көрсеткіш төмендеп кетеді. Кейбір өңірлермен салыстырғанда, біздің облыста халық саны екі-үш есе, ал кейде 7-8 есе көп. Сондықтан жан басына шаққанда кіріс азайып көрінеді, – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, өңірде көпбалалы аналардың саны да ерекше екенін айтты. Ел бойынша 800 мыңға жуық көпбалалы ананың 190 мыңы Түркістан облысында тұрады. Әкімнің сөзінше, отбасыда балалар саны көп болғандықтан, жан басына шаққандағы табыс көлемі азаяды.

- Мен өзім Келес ауданында өстім. Ата-анам жұмыссыз қалды, алты ағайынды едік. Дегенмен тоқ жүрдік, үйде мал ұстап, шаруашылық жүргіздік. Қолда бар малдан май, айран, сүт, нан алып, бақша егіп, өзімізді қамтамасыз еттік. Бірақ бұл табыс ретінде есептелмейді. Түркістан облысының халқының 80 пайызы ауылдық жерде тұрғандықтан, шаруашылық үлкен көмек болып саналады, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып 2022 жылдың тамызында тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл