Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламентінің жалпы отырысында мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев мектептердегі өзекті мәселені көтеріп, сауал жолдады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әсіресе Түркістан облысындағы халық санының өскенін айтып, дабыл қақты.
«Елімізде Түркістан облысы демографиялық өсімі жоғары өңір. 2023 жылғы 1 қаңтарға облыс халқының саны 2 млн 119 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде қалада – 519 мың адам, ауылдық жерлерде – 1 млн 599 мыңнан астам адам. 2022 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 30 мың адамға немесе 1,5% -ға өскен. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша 58 117 нәресте дүниеге келген»,- дейді ол.
Қырықбаевтың сөзінше, облыста 121 мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлуге мүмкіндік болмай жатыр екен.
«Түркістан облысында 511 мың 158 оқушы білім алуда. 2022-2023 жылғы оқу жылында 50 мың бүлдіршін 1 сыныпта мектеп табалдырығын аттаған. Түркістан облысындағы 961 мектептің 905 - мемлекеттік мектептер. Олардың 121-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде, 51 мектептің жобалық сметалық құжаттары дайын, 70 мектепке жобалық сметалық құжаттар дайындау қажет. Облыстық білім беру басқармасы мен облыс әкімдігі күрделі жөндеуді қажет ететін 121 мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлуге мүмкіндігі жоқ екенін айтуда»,- деді депутат.
Фото: Baq.kz