493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтық анықталды
Жаңалықтар

Түркістан облысында Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтық анықталды

06.03.2026
мин
0
217

Түркістан облысында полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Онлайн ойын балалар үшін қызық әлем екені сөзсіз. Алайда алаяқтар сол виртуалды кеңістікті өз пайдасына жаратып, сенімге кірудің түрлі айласын тауып жатыр. Осындай алаяқтықтың құрбаны болған тұрғын Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып, банк есепшотынан қаражатының заңсыз шешілгенін хабарлаған.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққан. Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың жымқырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерге пайдаланылған 5 телефон тәркіленді.

Киберпол қызметкерлері күдіктінің 60-тан аса жасөспіріммен ойын арқылы байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың интернеттегі әрекетіне бейжай қарамаңыздар. Банк картасының деректері мен SMS-кодты ешкімге беруге болмайтынын үнемі ескертіп отырыңыздар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл