Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында шіркейге қарсы күреске жауапты мердігерге 1,4 миллион теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Түркістан облысында шіркейге қарсы күреске жауапты мердігерге 1,4 миллион теңге айыппұл салынды

02.05.2025
1 мин
0
144

Түркістан облысында шіркеймен күрес шараларын жүргізетін Satti Tulik компаниясына әкімшілік хаттама толтырылып, 1,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер мекеменің тапсырыс беруші алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында қаралды. Жауапкершілікті орындамаған жағдайда заң аясында қатаң шара қолданылатыны ескертілді.

Шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіші маңындағы елді мекендерде наурыз айынан бастап қолға алынған. Бұл жұмыстарды Satti Tulik компаниясы жүргізуде, ал ғылыми сүйемелдеу қызметін “Защита-растений” мекемесі атқаруда.

Биыл биологиялық залалсыздандыру жұмыстары ерте басталып, осы уақытқа дейін жеті рет дәрі себу шарасы атқарылған. Жалпы өңір 15 секторға бөлініп, Сырдарияға 76 тонна “Бактицид” препараты жіберілді. Мамандардың айтуынша, бұл биологиялық құрал төрт түлікке, балыққа, араларға және өзге тіршілік иелеріне зиянсыз.

Мердігер компания ғылыми негізге сүйене отырып, күрес шараларын екі түрлі тәсілмен жүргізуде: су айдындарында биологиялық препараттар арқылы, ал елді мекендер мен су қорғау аймақтарындағы ағаш-бұталарда – химиялық өңдеу арқылы.

Келісімшарт бойынша залалсыздандыру Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Келес, Ордабасы және Сауран аудандарын қамтиды. Биылғы жылы 127 008 кг биологиялық препараттарды су көздеріне құю жоспарланған. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда екі есе жоғары. Жұмысқа 50-ге жуық қызметкер, 15 техника мен 4 қайық жұмылдырылған.

Сонымен қатар, 5 408,4 гектар аумаққа химиялық өңдеу де жүргізілуде. Жалпы зиянкестермен күрес шараларына биыл 1,4 миллиард теңге бөлініп, қолданылатын препарат мөлшері үш есе арттырылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл