Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған.
Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды. Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.