Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркияда президент сайлауы өтті. Жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған 49,24 пайыз дауыс жинаған. Ал оппозиция лидері Кемаль Кылычдароғлыға сайлаушылардың 45,07 пайызы дауыс берген. 1 млн 20 мыңдай дауыс жарамсыз деп танылған.
Мемлекет басшысын таңдауға халықтың 88,92 пайызы қатысқан. Бұл елде президенттік сайлау мамырдың 14-де болды.
Кандидаттар қажетті дауыс жинамағандықтан, 28 мамыр күні Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.
Фото: ғаламтордан