Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясының Сындыргы ауданында 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те магнитудасы 6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дүмпу 11 шақырым тереңдікте болып, Ыстанбұлды қоса алғанда 11 провинцияда сезілді.
Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерлікаяның мәліметінше, 81 жастағы тұрғын үйінді астынан құтқарылғанымен, алған жарақаттарынан көз жұмды. Құтқарушылар төрт адамды аман-есен шығарып, тағы екеуі өздігінен шыққан.
Жер сілкінісі салдарынан кемінде 10–16 ғимарат, оның ішінде бірнеше тұрғын үй қираған. 29 адам түрлі жарақат алған. Аймақта 20-дан астам афтершок тіркелген. Кейбір ауылдар байланыссыз қалған.
Оқиға орнына 300-ден астам құтқарушы мен 79 техника жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.