Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мамандардың айтуынша, адам денсаулығына кеш жату ғана емес, түске дейін ұйықтаудың да қатері бар. Ресейлік терапевт-ұйқытанушы маман Павел Кудинов биологиялық тынығу сағаттарының бұзылуы кеш жату, сәйкесінше, ұйқыдан кеш оянумен байланысты дейді. Бұл құбылыс «джетлаг» деп аталады. Оның салдары адамның күні бойы ұйқысының келуіне, әлсіздікті сезінуіне, жұмысының өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Ұйқы уақытының ауысуы жоғары деңгейдегі қатер тудырады, адам кеш ұйықтап, сәйкесінше кеш оянғаннан қан қысымы жоғары адамдар көбіне зардап шегеді екен. Ұйқы режимінің бұзылуы гипертониялық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін.
Ұйқының бұзылуы, оның ішінде уақыт белдеуінің өзгеру синдромы созылмалы ауруы бар адамдар үшін аса қауіпті. Нәтижесінде, жүрек-тамыр немесе орталық жүйке жүйесінде проблемалар туындауы мүмкін.
Терапевт-ұйқытанушы Павел Кудинов
Ұйқыны қалпына келтіру үшін дәрігер күн сайын әдеттегіден бір сағат бұрын оянуды ұсынады. Осылайша дұрыс ұйқы кестесін қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, сарапшы жатар алдында жалбыз, лимон, түймедақ немесе пион тұнбасын ішу керек деп кеңес береді.
фото: ru.fresnowomensnetwork.org