Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Туу туралы куәлікті үйде отырып телефоннан алуға болады
Жаңалықтар

Туу туралы куәлікті үйде отырып телефоннан алуға болады

13.10.2022
2 мин
4
2172

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып, жаңа сервисті іске қосты. Енді баланың туу туралы куәлігін тура үздік Kaspi.kz қосымшасында онлайн алуға болады.

Енді ата-аналарға куәлікті ресімдеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжатты онлайн ресімдеп, ал оған кететін уақытты сәбиін күтуге арнай алады.



«Біз қазақстандық отбасылар үшін инновациялық сервистерді үнемі дамытып отырамыз. Қазірдің өзінде Әлеуметтік шот ашу, бала тууға байланысты жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеу сияқты сервистерді іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшамызда баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге мүмкіндік пайда болды. Бұл сервисті біз Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп іске қостық. Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтердің әр қазақстандыққа қолжетімді болуына мүмкіндік бергені үшін, ал барлық сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!» - , деді Михаил Ломтадзе.



«Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын

жалғастырамыз. Бала туылған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақы ресімдеу үшін SMS-хабарлама мен баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді. Енді куәлікті Kaspi.kz қосымшасында ресімдеуге мүмкіндік пайда болды» - , деді Бағдат Мусин.



Туу туралы куәлік алуға өтінімді тура Kaspi.kz қосымшасында беруге болады. Өтінімде баланың есімі мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдауыңыз керек.

 

Өтінім берген кезде ата-ана Kaspi.kz қосымшасында бейнеанықтау рәсімінен өтуі керек – смартфонның камерасына бет әлпетін көрсетуі керек. Бұл құжаттарыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін жасалды.

 

Мемлекеттік органдар өтінімді екі күннің ішінде қарастырады. Куәлік Kaspi.kz қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ құжатты өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан ыңғайлы уақытта алып кете аласыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
З
Зауреш 14.10.2022
Керемет????
Жауап беру
Н
Наргиза Нурлепесова 14.10.2022
Кушти жақсы болған екен
Жауап беру
Е
Енлик 14.10.2022
Сол дайын кужатты неше кунде алу керек..дайын болганнан кейін максимальный срок бар ма алып кету керек осы уақытқа дейін деген?
Жауап беру
Б
Бота 13.10.2022
Бул жағдай бұрыннан бар емеспе онлаин заявка беретін. Мен 2020да сотка аркылы заявка беріп ертесіне даин АХАЖдан келіп алып кетіңіз деп смс келд
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл