Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет экономиканы әртараптандыруға тың серпін берді
Үкімет

Үкімет экономиканы әртараптандыруға тың серпін берді

23.10.2025
мин
0
100
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестиция тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, жоғары деңгейлі қайта өңдеуді қамтамасыз ететін өндірістерді дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте отандық шикізат пен қосалқы бөлшектерді барынша пайдалану, сондай-ақ ірі кәсіпорындар төңірегінде шағын және орта аралас өндірістерді қалыптастыру жоспарланған.

Аталған бастамалар экономиканы әртараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Сол жобалардың ішінде Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan және Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan автомобиль зауыттары бар. Сонымен қатар металлургия, химия, мұнай-химия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа жобаларды іске асыру жалғасады. Атап айтсақ:

1. «Mineral Product International» ЖШС металлургия кластері (Павлодар облысы).

2. «ССГПО» АҚ ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы).

3. Qarmet комбинатын жаңғырту (Қарағанды облысы).

4. «KAZ Minerals Smelting»/NFC ЖШС мыс балқыту зауыты (Абай облысы).

5. «Ертіс» гидрометаллургия комбинаты (Павлодар облысы).

6. «Бутадиен» ЖШС бутадиен және оның туындыларын өндіру зауыты (Атырау облысы).

7. «KMG PetroChem» ЖШС полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіру зауыты (Атырау облысы).

8. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегі (Шымкент қ.).

9. «КазАзот Prime» ЖШС аммиак пен карбамид өндіру зауыты (Маңғыстау облысы).

10. «Qazaq Kalium Ltd» жеке компаниясының калий тұздарын өндіруге арналған байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы).

11. «Астана Туризм» ЖШС көпфункционалды туристік ауданы (Астана қаласы).

12. «Жылы жағажай» кешенді дамуы (Маңғыстау облысы).

13. Бидай мен бұршақты терең өңдеуге арналған интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қаласы).

14.«Qostanai Grain Industry» ЖШС дән мен бидайды терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы).

15. «Силлено» ЖШС «KMG PetroChem» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені (Атырау облысы).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл