Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде
Үкімет

Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

15.07.2025
мин
0
131
Сурет: https://t.me/KZgovernment/17897

Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов журналистердің әлеуметтік саладағы шығындарға қатысты сұрағына жауап берді.

Республикалық бюджеттің 50%-дан астамы жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталады. Қаражат зейнетақыға, бюджет қызметкерлерінің жалақысына, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақыларға, сондай-ақ мектеп, аурухана салуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Бұл бағытта Үкімет кешенді, жүйелі жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта бөлінетін ресурстарды пайдалану тиімділігіне бақылау күшейтілді. Бірқатар параметр мен тәсілдерді қайта бағалау жүргізіледі. Премьер-министр жүргізілген талдау шеңберінде әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы келетін қолдау шараларын теріс пайдалану фактілері анықталғанын атап өтті.

- Біз қазір еліміздің барлық халқын алты санатқа бөлген жолмен жүріп жатырмыз. Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді, деректер цифрланған, барлығы әл-ауқат деңгейі бойынша бөлінеді. Алтыншы санат – табыс деңгейі жеткілікті жоғары отбасылар мен адамдар. Алтыншы санатты біз әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алып тастаймыз, өзін қамтамасыз ете алмайтындарға, жұмыс істей алмайтындарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, балалармен айналысатындықтан көп балалы аналар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істей алмайды. Біз оларға көп көңіл бөлетін боламыз. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік тәуелділік пен әлеуметтік алаяқтық фактілері бар. Біз қазір әр істі жеке-жеке шешіп, барлық басқа схемалардың жолын кесеміз. Әлеуметтік көмек өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көрсетілуі тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл