Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Украина Қырымды соғыссыз алуға уәде берді
Жаңалықтар

Украина Қырымды соғыссыз алуға уәде берді

15.11.2022
1 мин
0
1148

Украина соғыс ашу салдарынан туындаған Ресейдегі дағдарысты ескерсек, Киев Қырымды соғыссыз алатынын аңғаруға болады. Бұл жөнінде Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Министр әскерінің Днепр маңында екенін айтып, Қырымға жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелерімен (HIMARS) және басқа да қару түрлерімен соққы жасай алмайтынын мойындады. Бұған дейін Bloomberg агенттігі Херсонды азат ету арқылы Украина  Қырымға бірден басып кіре алмайды деген болатын. Шекарадағы қорғаныс Қырымға кіретін Украина әскері үшін айтарлықтай тойтарыс болары анық.

Украина Қарулы Күштері Херсоннан 100 шақырымдай жерде орналасқан Қырымға апаратын «құрлық көпірін» бақылауға алады. Әңгіме Херсон-Армянск, Херсон-Мелитополь және Мелитополь-Джанкой жолдары туралы болып отыр.

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Кузанның айтуынша, Херсон облысы «әскери тұрғыдан алғанда стратегиялық маңызды аймақ, өйткені ол бізге Қырымнан ресейліктер жеткізу желісі ретінде пайдаланатын жолдарды бақылауға мүмкіндік береді».

«Бұл ресейлік күштерге бағытталған өте үлкен соққы болады», - деді ол.

Резников басқыншылар шегінгенде «Каховская» су электр станциясының үлкен бөгетін жарып жіберуі мүмкін деген ойды «ақымақтық» деп атады.

«Егер сіз аймақтың ландшафтына қарасаңыз, батыс жағалауы биік, ал шығыс жағалауы төменірек жер екенін көресіз», - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл