Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бір апта ішінде Украинадан кеткен босқындар саны 1 миллионға жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің мәлімдеме жасады.
"Небәрі жеті күннің ішінде осынша адамның Украинадан бас сауғалап қашып кеткеніне куә болдық", – деді ол.
2 наурызда Чехия үкіметі Украинадан ағылған босқындар легіне байланысты елде төтенше жағдай режимін енгізетінін хабарлады. Режим 4 наурыз күшіне енеді.
Бұған дейін БҰҰ Ресей Федерациясының Украинадағы "арнайы операциясы" басталысымен елден кеткен украиналықтардың санын жариялады. Ресми дерек бойынша, 2 наурызда 836 мың адам басқа елдерге қоныс аударды. Олардың шамамен 450 мыңы Польшаға қашқан.