Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үлкендер неге ақша жинай алмайды?
Қаржылық сауат

Үлкендер неге ақша жинай алмайды?

28.10.2020
1 мин
55
12586

Әр адам жалақы алар алдында «Ақшамның 10 процентін міндетті түрде жинаймын» деген ойда болады. Десе де, ол ойымыз іске аспай жатады. Сонда біз нені дұрыс істемейміз? Не себепті өзіміз құрған жоспарды ұстанбаймыз? Адам бойында болашаққа белгілі бір қор жинап, қаражатты дұрыс жоспарлауға кедергі болатын қандай қасиеттер бар? Dauletten.kz сайты «Теңгебала» айдарында бұл туралы толығырақ тоқталады.

Адамдардың ақша жинай алмауына қатысты әр сала мамандары ғылыми тұрғыда әртүрлі пікірді ұстанады. Тарихшылар пікіріне сүйенсек, адамзат дамуы барысында үңгір паналаған Homo Sapiens-ке  қолындағы тамағын бірден жеген тиімді еді. Себебі олардың жағдайында азық-түлікті сақтау мүмкін емес. Осы тұрғыда адам бойында әлі күнге дейін «қазір қолда барды пайдаланып қалайын, ал кейін не боларын көре жатармын» деген түсінік ақшаға қатысты да сақталып қалған дейді мамандар.

Ал психологияда адамдардың ақша жинай алмауына қатысты түрлі себеп бар. Олар:

  • Бай адамдарға ұқсау арқылы бақыт гармонын уақытша сезіну. Бұл «Адам сияқты қыдырайықшы, адам сияқты киім алайықшы»  деген сөздерден басталады. Уақытша өзін ауқатты адамдардай сезіну арқылы ақшаны ойланбастан қажетсіз заттарға жұмсайды.
  • Бір күндік өмір. Көп адамдар өз өмірін жоспарламайды. Ертеңіне сенім білдірмейді. Өмір бүгін бар, ертең жоқ деген ұғымды ұстанады.
  • «Маскадағы өмір». Бұл ұғым психологияда кең қолданылады. Көп адамдар қоғамда салыстырмалы түрде өзін өзгелерден төмен бағалағаннан кейін үнемі көп жағдайда ақшасы бар екенін көрсеткісі келеді. «Адамдар мені бар деп ойласын» деген оймен қолындағы бар ақшасын оңды-солды шашады. Әдетте, бұл адамдар қатары басқалардың пікірін жоғары қояды.

Психолог мамандардың айтуынша, адам  бойында ақша жинауға деген талпыныс тек тұрақсыздық жағдайында арта түседі. Болашаққа деген алаңдаушылық адамның табыс табуына, ақшаны көбірек жинауына әсер етеді. Қандайда бір соманы жинаған адам өзін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарайды. Адам қаншалықты саналы болса, соғұрлым қаржыны сауатты басқара алады. Ақшаны үнемдеу, оны болашаққа жинау -  адам өмірін айтарлықтай жеңілдете түседі. Мысалы, көп адамдар ақша жинап өзі қалаған затты алудын орнына,  бірден несие рәсімдеп сол затты алуға асық болады. Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ақшаны ұзақ уақыт үнемдеп жинау – сол заттан рахат алуды кейінге қалдыру. Осылайша адам уақыт оздырмай, дәл осы сәтте ештеңені күтпей, өз қажеттілігін қанағаттандырғысы келеді. Нәтижесінде, қарызға кіріп, ақша жинауды несие төлеуге алмастырады.

Ақшаны жинап үйренуде арнайы мақсат керек. Осы орайда, ақша жинау әдетін бала күннен қалыптастырған дұрыс. Ата-ана балаға отбасылық табысты, шығындарды және де мектепке тамақ алуға деп беретін ақшаны өзі басқаруды үйрету керек. Бұл жерде ата-ананың тәрбиесі маңызды. Ал егер ата-ана дәл осындай дағдыны қалыптастырмаса, ересек адам бұл қабілетті өзі арттыра алады. Мысалы, дүкенге барған кезде ұнаған затыңызды бірден алмай, оның маңыздылығын ойланыңыз. Егер аса қажет емес екенін түсінсеңіз, дәл сол ақшаны болашаққа жинауға салдым деп есептеңіз. Жаңа көлікті алғысы келетін адамды елестетіп көріңіз. Ол ай сайын сол көлікке ақша жинайды. Және сол жинаған ақшаны үнемдеп салғанда, сол көлікпен келе жатқанын елестетеді де бойында қуаныш сезімі артады делік. Ал келесі адам да жаңа көлік алғысы келеді. Оны алу үшін бірден несие рәсімдейді.  Десе де оны ай сайын жоғары процентпен төлейтінін де ескеру керек. Әдетте бұл адамдар эмоцияға беріледі. Сол себепті, бірден шешім қабылдамас бұрын ақылмен таңдау жасаған дұрыс.

Назерке БАЙЖАН

 

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
55 Пікір
Р
Роза 05.12.2020
Мен озимнин каржымды баскаруды енди уйренип журмин,кажет емес затты коп алатынмын.
Жауап беру
А
Айнур 30.11.2020
4-бала,4-бала бар жетпейді дейді...Кайта 4- балалар 2-баласы барларға қараганда жағдайлары жаксы.Әлеуметтік көмектің түр-турін алып жатыр, даже өздері шатасады...Ал,1,2,3,-баласы барларға еш жерден акша бөлінбейді!Баланың өзіне карандаш,сурет дәптеріне акша бөлінсе жаксы ғой...Сонда 1-2 балалы үйдің балалары бала емес па? Оларға неге акша бөлінбейді екен?Калай акша жиналады?Елімізде пособия деген нәрсе дурыс бөлінуге бөле алатын адам адам жок па? Или,3- бала оңай туылып,4-ші бала әрең туылады ма?
Жауап беру
А
Ақнұр 13.11.2020
Отбасында 8 бауырым бар қалай ақша жинайды?
Жауап беру
Ж
Жадыра 07.11.2020
Ал егер уйде бір кісі жұмыс жасаса қалай ақша жинауға болат
Жауап беру
г
гулмира 08.11.2020
салем Жадыра, ватсап жазшы 87752467881
Жауап беру
М
Молдир 07.11.2020
Неге Казахстанда кун кору киын осы, не ушин тусинигимиз таяз, ериншек Адам коп? окинем.
Жауап беру
М
Макен 07.11.2020
Өте орынды шынымен де алғымыз келеді әдемі болып жүргіміз келеді. Содан ойланбай кадам жасап ертеңгі күрі тиын санап отыратын кезімізде жоқтемн
Жауап беру
Ж
Жадыра 06.11.2020
Біз куйеуміз екеуміз жұмыс жасаймыз. Екі жыл болды баспана салып жатырмыз. Несие алмаймыз деп шештік. Менін айлығымды жинаймыз. Күйеуімдікі тамак пен киімге кетеді. Қазір киім көп алып жатқан жоқпыз бірақ. Шындап ниеттенсен жинауға болады. 4 баламыз бар.
Жауап беру
Ж
Жандос 01.11.2020
Менің ойымша,бізге шыдамдылық жетпейтін сияқты
Жауап беру
Е
Ерлан 31.10.2020
Шүкір етсеңдер арттырамын деген Алла Тағала. Ал біз әр кез шағымданамыз жетпейді немесе аз деп. Сосын жағдай күн өткен сайын төмендейді. Сосын еш шара жоқтай несиеге жүгінеміз өкінішке орай.
Жауап беру
Е
Ерлан 31.10.2020
Өте дұрыс айтылған. Көп жағдайда шыдам соын сыртқы әсер ғой сіз айтқандай. Өзіңді сол алар нәрсең бар немесе, ☝күні бар боларына сенетін болсаң Алла Тағала ойламаған жағдайда рыизықты болып қаласың. Соның өзінде де ойлаған мақсатыңды ұмытпай еске алған жөң. Сол қара жат біз ойлағандай нәрсеге жетпеуі мүмін бірақ соған ұқсасына алуымызға жетіп қаларына аңық. Себебі біздің ойлағанымыз емес Алла Тағаланың ойлағаны боларын аңық.
Жауап беру
Г
Гульмира 30.10.2020
Керемет, өзіме қажеттіні ала білдім...
Жауап беру
К
Карлыгаш 30.10.2020
Кейінгі кезде үнемшілдік әдет көбейіп барады, ақшамды өзіме қимаймын........
Жауап беру
А
Айдана 30.10.2020
Акша жинамак тугылы жетпейдыгой Калай жинайды артык акша болса адамдар Тамак алады Емделеды болды!
Жауап беру
Д
Дико 30.10.2020
Айдан айға жетпейди. Сол ушинде жинауға мумкиндик жок.
Жауап беру
Б
Баян 30.10.2020
Мен де қолда жинай алмаған соң жылстрой дан счёт аштирып соған салам Дәулеттің кеңестерінен.
Жауап беру
Б
Баян 30.10.2020
Мен де қолда жинай алмаған соң жылстрой дан счёт аштирып соған салам Дәулеттің кеңестерінен.
Жауап беру
П
Перизат 30.10.2020
Кредит берекемізді қашырып бітірді уже.
Жауап беру
Ш
Шырын Жапакова 29.10.2020
Казир акша жыйнайын дисингой жыйналмайды оз басым канша жыйнап кордим енди конбейди ау дегенде бир дене шыгат жыйналмай ак койдым адамдардын жыйнаганына карап молодец деп коям
Жауап беру
Б
Бек 29.10.2020
Ептеп адам бай болмас маңдайға ҚҰДАЙ бермесе!!
Жауап беру
Б
Бекен 29.10.2020
Лев Толстой,деген кісі кедей болғысы келіп қанша тырысып баққан сондада кедей болалмаганго әйтеуір бір себеппен бір нәрседен бірнәрсе шығып келе береді екен дуние акша деген,келгенін келгенше таратып жіберет бәрі бір кедей боламаған екенда, Оны неушін істеген дегендерге дуние деген АЛЛАдан деген мұсылмандардын сенімін сынап кормекші болған екенда соган козі жетип мойындапты деген әңгіме бар
Жауап беру
М
Максат Сакыпжан 29.10.2020
Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Адам басына қандай программа енгізссе сол программа мен өмір сүреді.
Жауап беру
М
Максат Сакыпжан 29.10.2020
Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Адам басына қандай программа енгізссе сол программа мен өмір сүреді.
Жауап беру
М
Максат Сакыпжан 29.10.2020
Ақша ол бала шағаның несібесімен өлшеніп келетін әншейін қағазғо.
Жауап беру
Б
Балсулу 29.10.2020
Барлығы дұрыс
Жауап беру
А
Анар 29.10.2020
Өте дұрыс айтылған. Ақшаны үнемдеп, болашаққа жинауды үйреніп, әдетке айналдыруымыз керек
Жауап беру
Б
Боранкул Мусагалиева 29.10.2020
Ақшаны үнемдеп, жинаудың өзі де үлкен білімді талап етеді.
Жауап беру
М
Меруерт 29.10.2020
Өте дұрыс айтасыз. Сізбен толық келісемін
Жауап беру
Ш
Шолпан 29.10.2020
Өте дұрыс айтылған
Жауап беру
А
Ардак 29.10.2020
Каидан акша жинаимыз тамактан аспаиды торт балама акша жинаимыз ба әлде тамак пен киым аламыз ба тамакты кымбатындар не үкімет аспыда толемеиды доход асты деп озым де не уи жок торт баламен квартирадан квартирада журмыз озым ин
Жауап беру
Б
Бахыьгул 29.10.2020
Дурыс айтылған
Жауап беру
А
АКТОТЫ 29.10.2020
Өте керемет.
Жауап беру
А
АКТОТЫ 29.10.2020
Өте керемет.
Жауап беру
Д
Думан 29.10.2020
Көрдіңіздерме адамда теріс көз қарас қалыптасып кеткен мен жинаймын деген жақсы ойда болсаңыздаршы
Жауап беру
С
Санду 28.10.2020
Адамдар неге акша жинай алмайды деп кушти сурак коясыздар, аш бала ток баламен оинамайды деп бекер айтпаган ата бабамыз,
Жауап беру
С
Санду 28.10.2020
Ар адам аркалай бир адам жинай алса ал екиншиси жинай алмайды,ар адамда турли себептер бар мысалы азын аулак акша алады жалакысы оган тамак, квартира,бираз балага киим азынаулак акшасын кайтип жинайды ел.Мысалы мен жинай алмаймын неге уткени менде торт бала жалгыз озим осирип келемин,олардын тамагы киим,интернети, светинин акшасы, газыннын акшасы бари жагаласып кеп турады,кеиде бири битсе бари битип дайын турады, сосын кайтип жинайсын акшанды
Жауап беру
Ж
Жанар 28.10.2020
Өте катты жинағым келеди бирак көлденең унеми бирнарсе шығады да турады копшилик отбасы болған сон
Жауап беру
К
Кенжебаева Жаркынай Калдыбаевна о 28.10.2020
Менде жинаймынды деп бірак жиналмаймын 4-баламын киіміне тамағына жетпидігой
Жауап беру
Г
Гаухар 28.10.2020
Нар таукелге бет бурган жетистикке жетеди Алла жол берсин амин
Жауап беру
К
Карлыгаш 28.10.2020
Уйге бир акша алып койсан колденен бир нарсе шыгады да калады жинагым келеди ауыспай каладыго
Жауап беру
К
Күләнда 28.10.2020
Жетискеннен жогардагылар сияқты айлық болса майлы, 40/30мын айлық қалай жыйнайсын. Мазақ етіп қойылғанба
Жауап беру
Н
Нұрғиза 28.10.2020
Менің аз айлығыма ақша жинау мүмкін емес
Жауап беру
Т
Толкын 28.10.2020
Акша жинаганга не жетсин артылып жатса
Жауап беру
М
Мархаббат 28.10.2020
Ақша жинаған әрине дұрыс. Банкке қарызға кірмейсің
Жауап беру
С
Сания Сакажанова 28.10.2020
Ақша жинаған дұрыс несие алғаннан жақсы. Нес
Жауап беру
Н
Назира 28.10.2020
Ақшаны жинаған дұрыс өзіңе қажетіңді аласың ағайын
Жауап беру
А
Айгерим 28.10.2020
Рахмет пікіріңізге
Жауап беру
Г
Гулшат 28.10.2020
Акшаны жинаган жаксы ау, бырак акшаны жинаган сайын уакыт оте келе акша кунын жогалтып жатыр. Адамдардын жылдап жинаган акшасы жыл откен сайын тиын тебен болып жатыр
Жауап беру
Г
Гульбахор 28.10.2020
Менде ақша жинайық уйлі болайық деген оймен журемін екі ұлымен квартирада турамын
Жауап беру
А
Айгуль 28.10.2020
Кунды малимет,улкен Рахмет!
Жауап беру
А
Арай 28.10.2020
енди жинап бастаймын уй аламын
Жауап беру
А
Асемгуль 28.10.2020
Менде жинай алмаймын.уй алгым келеди.жалакым кв толегеннен аспайдв
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл