Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк ҚБТУ мен “Нархоз” университетінде оқуға 19 грант ұсынады
Жаңалықтар

Ұлттық банк ҚБТУ мен “Нархоз” университетінде оқуға 19 грант ұсынады

16.07.2025
1 мин
0
201
Сурет: minkulturb.ru

Қазақстан Ұлттық банкі жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары аясында гранттық оқуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылға арналған білім гранттары келесідей бөлінген:

  • “Нархоз университеті” КЕАҚ бойынша “Қаржы талдаушысы”, “Қаржылық тәуекел-менеджмент”, “Макроталдау және болжау” бағыттарына – 5 грант;
  • “Қазақстан-Британ техникалық университеті” АҚ бойынша “Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым”, “Макроқаржы және деректер туралы ғылым”, “Қаржылық технологиялар” бағыттарына – 14 грант.

Аталған бағдарламалардың негізгі мақсаты – Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін жоғары білікті кадрлар даярлау.

Оқу келесі салалар бойынша жүргізіледі: қаржы, экономика, қаржы технологиялары, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау.

Білім беру бағдарламалары 2025 жылдың қазан айында басталып, екі академиялық жылды қамтиды.

Оқуға түсу үшін талапкерлер университеттер мен Ұлттық банктің талаптарына сай келіп, конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Бұл іріктеу “Қазақстан-Британ техникалық университеті” базасында 11–29 тамыз аралығында және “Нархоз университетінде” 4–6 қыркүйек аралығында өтеді.

Бағдарламаны сәтті аяқтап, әңгімелесуден өткен түлектерге Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл