Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі 2 000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл банкноталар "Сақ стилі" сериясынан үшінші банкнота болып табылады және қазақы ою-өрнектер мен көшпенділер мәдениетін бейнелейді.
Банкнотаның түсі жасыл, бет жағында "Өмір ағашының" бұтағы, ДНҚ спиралі және молшылық символы ретінде мүйізді жануардың бейнесі бар. Артқы жағында қалқан мен ақбөкендер бейнеленген. Банкнотаның ортасында Бурабай көлінің суреті бар.
Жаңа банкноталар 2025 жылдың екінші тоқсанында қолданысқа толық енгізіледі. Ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноталар 2025 жылдың желтоқсанынан бастап біртіндеп айналымнан алынады. Бұл банкноталар 2026 жылдың 24 маусымына дейін қатар айналымда болады. Одан кейін ескі банкноталарды 3 жыл ішінде жаңасына ауыстыруға болады.
Жаңа және ескі банкноталар заңды төлем құралы болып саналады және Қазақстанның барлық банктерінде, Қазпоштада шектеусіз айырбасталады.