Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Ұлттық кітап" республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

15.01.2025
мин
0
298
Сурет: primeminister.kz

"Ұлттық кітап" республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күні мерекесіне орай өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

- Балаларға арналған үздік кітап;

- Үздік комикс;

- Нон фикшн жанрындағы үздік кітап;

- Детектив жанрындағы үздік кітап;

- Сатира жанрындағы үздік кітап;

- Үздік илюстрациялық кітап;

Үздік аударма кітабы;

- Фантастика жанрындағы үздік кітап;

- Үздік баспа;

- "Жыл кітабы" Гран-при сыйлығы.

- Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді. Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады. Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15. Айта кетсек, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – Ұлттық кітап күні бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі, - делінген жазбада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл