Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысының арнайы прокурорлары синтетикалық есірткіні заңсыз өткізумен айналысқан "Kaef Mafia" атты Telegram-дүкеннің қызметін әшкереледі. Тексеру нәтижесінде оның ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қылмыстық схема "байланыссыз байланыс" тәсілі арқылы жүргізіліп, төлемдер "дропперлердің" банктік карталары арқылы қабылданған. Тергеу барысында 200-ден астам осындай карта тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық желіні үйлестірген Ресей мен Украина азаматтарының қатысы анықталды. Төрт шетелдікке қатысты іс қозғалып, олардың үшеуі қамауға алынды, тағы төртеуі іздеуде. Іздестіріліп жатқан тұлғалардың қатарында қаражатты криптовалютаға шығарып отырған адам да бар.
Қазіргі таңда екі "есірткіні жасырын қойып таратушыға" қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, заңсыз айналымнан 3,2 млрд теңге көлеміндегі активтер тәркіленіп, сот шешімімен мемлекет кірісіне өткізілді.
Бүгінде аталған Telegram-дүкен банктік карталар арқылы төлем қабылдауды тоқтатты. Қалған қатысушыларға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр.