Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нью-Дели мен Лахор қалалары қалың түтіннен көз ашпай отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Швейцариялық IQAir ауа сапасын анықтау мониторингтік жүйесінің сарапшылары Нью-Дели мен Лахорды әлемдегі ең ластанған қалалар қатарына қосты. Бұл қалаларда зиянды қалдықтардың мөлшері жылдық орташа деңгейден айтарлықтай асып кеткен.
Лахор қаласын қою түтін басқан, мұндағы ауадағы ластаушы заттар ДДСҰ бекіткен нормадан 60 есе жоғары. Мұндай көрсеткіш тұрғындардың жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне кері әсер етеді. Осыған байланысты билік тұрғындарды сақ болуға шақырып, шұғыл шаралар қабылдады: мектептер уақытша жабылды, кеңсе қызметкерлерінің жартысы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Себебі сапасыз ауа салдарынан денсаулық мәселелері артып, ауру-сырқау деңгейі көбейген.
Лахор тұрғыны Мохаммад Салим былай дейді:
- Балам аулада ойнап жүрген еді. Үйге кірген бойда тынысы тарылып, басы айналды. Оны түтіннен уланған деп ауруханаға жеткіздік. Толық тексеруден кейін нақты диагноз қойылып, ем алып жатыр. Жазылып кетеді деген үміттеміз.
Ал Нью-Делиде де жағдай күрделі. Айналаны басқан түтін алыстан анық көрінеді. IQAir деректері бойынша Нью-Дели Лахордан кейін екінші орында тұр. Тұрғындар “қалада тыныс алу күн өткен сайын қиындап барады” дейді.
Делидегі ластану деңгейінің жоғары болуы тұрғындар денсаулығына кері әсерін тигізіп, астма мен тыныс алу аурулары көбейген. Пәкістан билігі Лахор тұрғындарына үйде есік-терезені жабық ұстап, сыртқа шыққанда бетперде киюге кеңес берсе, Үндістан үкіметі мәселені шешу үшін көлік иелері мен құрылыс компанияларына айыппұл салуды қолға алды, себебі көлік пен құрылыс қалдықтары ауаны айтарлықтай ластайды деп мәлімдейді жергілікті қоршаған орта мамандары.