Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үндістанның Ахмедабад қаласында орын алған Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz News18.com.india порталына сілтеме жасап.
Жергілікті полиция өкілдерінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар жоқ. Ұшақта барлығы 242 адам болған. Олардың ішінде Үндістанның 169 азаматы, Ұлыбританиядан – 53, Португалиядан – 7, ал Канададан бір азамат болған.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, апаттың себебі ұшақтың құстармен соқтығысуы болуы мүмкін.
- Алғашқы деректерге қарағанда, ұшақ бірнеше құспен соқтығысқан. Соның салдарынан екі қозғалтқыш бірдей істен шыққан. Ұшу қалыпты басталғанымен, кейін әуе кемесі биіктігін жоғалтып, құлай бастаған. Бұл көбіне қозғалтқыштың жұмыс істемей қалуы немесе ұшақтың көтергіш күшінен айырылуымен байланысты. Әрине, нақты себеп тергеу барысында белгілі болады, – деді капитан, бұрынғы аға ұшқыш Саурабх Бхатнагар.