Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үндістанда Air India әуе компаниясына тиесілі, Ахмедабад–Лондон бағытындағы рейс апатқа ұшырады. Ұшақ Сардар Валлабхай Патель халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz News18 басылымына сілтеме жасап.
Апатқа ұшыраған әуе кемесі – кең фюзеляжды Boeing 787 Dreamliner. Ұшақ Лондонға бет алған, бортында барлығы 242 адам – 230 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Мегани қаласының маңында құлағаны анықталды. Air India компаниясы бұл апатқа қатысты алғашқы түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше секунд ішінде орын алған. Құлаған жерден қою қара түтін көтеріліп, оны бірнеше шақырым жерден көруге болады.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері, соның ішінде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері дереу жіберілді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны мен апаттың нақты себебі туралы ресми ақпарат жоқ. Әзірге Air India мен әуежай әкімшілігі толық мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеуді Үндістанның Азаматтық авиация бас басқармасы бастайды деп күтілуде.