| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегациямен бірге ҰҚШҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, биылғы жұмыстың қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.
Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметінен кетіп жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Бас хатшы ретінде Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков үш жылдық мерзімге тағайындалды.
Отырыс соңында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұйымның қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге арналған бірқатар құжатқа қол қойылды.