Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Urker - 2023» ұлттық байқауына өтініш беру басталды
Жаңалықтар

«Urker - 2023» ұлттық байқауына өтініш беру басталды

09.08.2023
3 мин
0
901
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты
  • Жылдың үздік репортажы
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  • Радиостанциядағы үздік жоба
  • Жылдың үздік фотосуреті
  • Үздік өңірлік БАҚ
  • Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)
  • Үздік подкаст
  • Үздік YouTube каналы

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл