| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына байланысты күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін ZEEKR көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған. Кейін соттың санкциясымен оған қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті қылмыстық іс шеңберінде қамауда ұстау мерзімін жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілген.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында орын алып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді.