Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұшақ кешіккен жағдайда жолаушыға қандай қызмет көрсетілуі тиіс?
Жаңалықтар

Ұшақ кешіккен жағдайда жолаушыға қандай қызмет көрсетілуі тиіс?

23.02.2025
мин
0
969

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда жолаушылар қандай құқықтарға ие және өтемақыны қалай талап етуге болады? Бұл сұрақтарға Dauletten.kz тілшісі жауап береді.

Азаматтық авиация комитетінің (ААК) мәліметіне сүйенсек, “Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” заңның 86-бабына сәйкес егер рейс кешігуіне әуе компаниясы кінәлі болса, тасымалдаушы жолаушыларға келесі қызметтерді ұсынуы керек:
    •    Аралық әуежайларда салқын сусындар беру;
    •    Күту уақытына байланысты ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
    •    Егер кешігу айтарлықтай ұзақ болса, қонақүйге орналастыру;
    •    Қажет болған жағдайда, әуежай мен қонақүй арасында көлікпен тасымалдау.

Ақшалай өтемақы төлене ме?

Заңға сәйкес жолаушылар кешіктірілген рейс үшін ақшалай өтемақы алуға құқылы.

- Егер жолаушыны межелі пунктке уақытынан кеш жеткізсе, тасымалдаушы әр кешіккен сағат үшін билет тарифінің (кешіккен ұшу учаскесі тарифінің) 3%-ын өтемақы ретінде төлеуге міндетті. Сондай-ақ жолаушы рейс кешігуінен туындаған қосымша шығындарға ұшыраса, олар да өтелуі тиіс. Алайда жалпы айыппұл сомасы билет құнынан аспауы керек, – деп түсіндірді ААК өкілдері.

Өтемақыны қалай алуға болады?

Егер рейсіңіз кешігіп, өтемақы немесе тиісті қызметтерді алғыңыз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз:
    1.    Әуекомпания өкілдігіне жүгініп, қажетті қызметтерді талап етіңіз.
    2.    Барлық маңызды құжаттарды сақтаңыз: билет, отырғызу талоны, қосымша шығындарға (тамақ, қонақүй) жұмсалған қаражаттың чектері.
    3.    Егер әуе компаниясы өз міндеттемелерін орындаудан бас тартса, жазбаша шағым жіберіңіз.
    4.    Шағым қанағаттандырылмаса, Азаматтық авиация комитетіне немесе сотқа жүгінуге болады.

- Тасымалдаушылар заңда белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді комитет өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл