Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Министрлер кабинетінде өткен брифинг барысында Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ұялы байланыс тарифтерінің не себепті қымбаттап жатқаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Журналистер елімізде ұялы байланыс қызметтерінің бағасы неге үнемі өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді:
– Өткен айда байланыс үшін 4600 теңге төлесек, келесі айда 5600 теңге болды. Неге шектеу қоймайсыздар? Қазақстандықтардың жалақысы ай сайын өсіп жатқан жоқ қой, – деді олар.
Өз жауабында вице-министр Дмитрий Мун байланыс сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Операторлардың тарифтерін реттеу функциясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүктелген. Бізге белгілісі – операторларға тарифтердің құрамдас бөліктерін көрсетуді талап еткен хабарламалар жолданған. Қолданыстағы ережелерге сәйкес қоғамдық тыңдаулар мен тиісті рәсімдер өткізілуі тиіс. Қазіргі уақытта министрлік өз құзыреті шегінде қандай да бір шектеу қоя алмайды. Бұл – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзырындағы мәселе, – деп жауап берді ол.