Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Өртенген дүкен толық қираған.
Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды.
Қазір құтқарушылар үйіндіні бөлшектеп жатыр.
Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.
Тағы 23 адам мен 5 техника оқиға орнына бара жатыр.
Жарылыстан кейін, сағат 08:44 шамасында үйінді астынан бір әйел адам шығарылды. Оның қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.
Әйелдің айтуынша, үйінді астында тағы бір ер адамның бары белгілі болды.
Жұмыс жалғасып жатыр.