Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Вейп сатқандар енді 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін
Жаңалықтар

Вейп сатқандар енді 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

24.01.2024
1 мин
0
354
Фото: freepic.com

Қазақстанға вейптерді әкелуге, таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданған денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында жазылған, деп хабарлайды Dauletten.kz

Құжатты таныстырған Гүлдара Нұрымованың сөзінше, заң жобасында вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілеу көзделген.

Вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Атап айтқанда, сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

«Сонымен қатар, әскери медицина қызметкерлерінің қызметін жетілдіру, медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды ұсыныстар ретінде қолдану жөніндегі нормалары да бар. Жалпы алғанда, заң жобасында 13 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасының нормаларын талқылау бойынша жұмыс тобының 35 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы, 12 жұмыс жиналыстары, 2 дөңгелек үстел өткізілді», – деп түсіндірді депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл